Уикикітап kkwikibooks https://kk.wikibooks.org/wiki/%D0%91%D0%B0%D1%81%D1%82%D1%8B_%D0%B1%D0%B5%D1%82 MediaWiki 1.45.0-wmf.8 first-letter Таспа Арнайы Талқылау Қатысушы Қатысушы талқылауы Уикикітап Уикикітап талқылауы Сурет Сурет талқылауы МедиаУики МедиаУики талқылауы Үлгі Үлгі талқылауы Анықтама Анықтама талқылауы Санат Санат талқылауы TimedText TimedText talk Module Module talk Абай өлеңдері/Қалың елім, қазағым, қайран жұртым... 0 3200 9549 9339 2025-07-02T04:28:55Z 95.58.212.188 9549 wikitext text/x-wiki Қайран елім, қазағым, қайран жұртым... Қалың елім, қазағым, қайран жұртым, Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың Жақсы менен жаманды айырмадың, Бірі қан, бірі май боп енді екі ұртың. Бет бергенде шырайың сондай жақсы, Қайдан ғана бұзылды сортша сыртың? Ұқпайсың өз сөзіңнен басқа сөзді, Аузымен орақ орған өңкей қыртың. Өзімдікі дей алмай өз малыңды, Күндіз күлкің бұзылды, түнде – ұйқың. Көрсеқызар келеді байлауы жоқ, Бір күн тыртың етеді, бір күн – бұртың. Бас-басына би болған өңкей қиқым, Мінеки бұзған жоқ па елдің сиқын? Өздеріңді түзелер дей алмаймын, Өз қолыңнан кеткен соң енді өз ырқың. Ағайын жоқ нәрседен етер бұртың, Оның да алған жоқ па құдай құлқын? Бірлік жоқ, береке жоқ, шын пейіл жоқ, Сапырылды байлығың, баққан жылқың. Баста ми, қолда малға талас қылған, Күш сынасқан күндестік бұзды-ау шырқын. Оңалмай бойда жүрсе осы қыртың, Әр жерде-ақ жазылмай ма, жаным, тырқың? Қай жеріңнен көңілге қуат қылдық, Қыр артылмас болған соң, мінсе қырқың? Тиянақсыз, байлаусыз байғұс қылпың, Не түсер құр күлкіден жыртың-жыртың. Ұғындырар кісіге кез келгенде, Пыш-пыш демей қала ма ол да 🙂‍↕️ астыртын? c1dj5pcqydihkk1r7w9fhbekh90fq9k