Уикикітап kkwikibooks https://kk.wikibooks.org/wiki/%D0%91%D0%B0%D1%81%D1%82%D1%8B_%D0%B1%D0%B5%D1%82 MediaWiki 1.46.0-wmf.26 first-letter Таспа Арнайы Талқылау Қатысушы Қатысушы талқылауы Уикикітап Уикикітап талқылауы Сурет Сурет талқылауы МедиаУики МедиаУики талқылауы Үлгі Үлгі талқылауы Анықтама Анықтама талқылауы Санат Санат талқылауы TimedText TimedText talk Module Module talk Event Event talk Абай өлеңдері/Білімдіден шыққан сөз 0 2138 9695 9673 2026-04-29T06:37:34Z ~2026-26022-13 3568 9695 wikitext text/x-wiki Білімдіден шыққан сөз Білімдіден шыққан сөз Талаптыға болсын кез Нұрын, сырын көруге Көкрегінде болсын көз. Жүрегі - айна, көңілі - ояу, Сөз тыңдамас ол баяу. Өз өнері тұр таяу, Ұқпасын ба сөзді тез? Әблет басқан елерме, Сөзге жуық келер ме? Түзу сөзге сенер ме Түзелмесін білген ез? «Айтшы-айтшылап» жалынар, Ұққыш жансып шабынар. Ұқпай жатып жалығар, Ұйқылы-ояу бойкүйез. Жас баладай жеңсік қой, Байлаулы емес ақыл, ой, Ойлағаны - айт пен той, Ыржаң - қылжаң ит мінез. Сұлу қыз бен я батыр, Болмаған соң, тәңрі алғыр. Авторы:Абай Құнанбайұлы. 6y0b8xnlo7d11b3i7y356y97kttwcal